+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Ақерке» балалар залында 9 – мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында тәрбие сағат өтті.
Тәрбие сағаттың мақсаты – оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Оқушылардың Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.
Тәрбие сағатқа кітапханашылар, тыл және еңбек ардагерлері, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Ардагерлер қатысушы бала оқырмандармен ҰОС батырлары туралы естеліктерімен бөлісіп, кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.