+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ!

6 қаңтар күні "Отырар" кітапханасының "Ақерке" балалар залы кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Алпамыс батыр" жыр кеші өтті. Кешке "Мұрагер" домбырашылар ансамблінің жетекшісі, Жамал Омарова атындағы №1 саз мектебінің директорының орынбасары, Журналистер Одағының мүшесі Омар Қалмахан Қалтайұлы және ардақты әже Мәлен Перне қатысты. Іс-шара барысында кітап көрмесі жасақталып, қатысушылар назарына ұсынылып, ары қарай оқырмандар "Алпамыс жырын" нақышына келтіре оқыды. Шара соңында белсенді қатысушылар Республикалық "Алпамыс батыр" қоғамдық қорының Алғыс хаттарымен марапатталды.