Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 9 қаңтар күні Қазақстан халқына Жолдауына қатысты Мәлімдеме жасады. Елбасы 30 дамыған елдің қатарына кіріп, "Төртінші өнеркәсіп революциясы дәуірінде" даму үшін алдыда тұрған "он міндет" туралы айтты.
Елбасы мәлімдемесінің - «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші бағытында «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында» деп атап өтті. Осы бағытта мәдени мекемелердің, оның ішінде кітапхана жүйелерінің қосар үлесі мол. Сондай-ақ, Елбасы өз жолдауында «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деген ұстанымын алға тартты. Рухани тұлғаны рухани құндылықтар қалыптастырады.
Ортамызда ардақ тұтар идеалдарымызды дәріптей жүріп, сол қайталанбас қазыналарымыздың қадіріне жете білуге шақырады деп сенеміз.
Елбасы міндеттеген межеге Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2000 –ға жуық кітапхана қызметкерлері қуана қолдау танытады. Оңтүстік Қазақстан облысында 427 кітапхана қызмет көрсетеді. «Отырар» кітапханасы – облыс аумағындағы көпшілік кітапханалар желісі үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатындықтан ,кітапхана қызметкерлері айтылған міндеттердің аса маңызды екендігін талдап, міндеттерді орындауда белсенділік пен байыптылық танытады.
Әлемге әйгілі болған атақты «Отырар» деп аталатын кітапхананың атын иеленген ақыл-ой қазынасының мекеніне айналған кітапхана ұжымы Елбасы атап көрсеткен он міндет еліміздің келешегінің кемелденуіне бастайтын жол деп біледі. Елбасы танытқан міндеттердің орындалуына қолдау білдіреміз.
Елбасы межелеген міндеттер кітапхана қызметкерлерінің ісіне де нақтылық дарытқандай. Кітапханашылар Елбасы мәлімдемесін жүзеге асыруда және жолдауды түсіндіру жұмыстары мен насихаттық жұмыстарында белсенділік танытып жүргенін ерекше айта аламыз. Ел жүзеге асырар міндеттерді өзінің қызметтік парызымен ұштастырып , ел дамуына өз үлесін қосуға ынталы. Міндеттерді жүзеге асыруда асқақ сенім мен биік мүдде тұрғысында бірлікпен қызмет етуді мақсат тұтамыз.
Жүректегі ойға қозғау салып, алға жетелеген міндеттер әр кітапханашының өзіндік қолтаңбасын қалдырып, ел руханияты мен мәдениетінің дамуына үлес қосуға жаңаша қарқын еселейтінін сеніммен айта аламыз.
Оңтүстік Қазақстан облысы
«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана ұжымы.
Директор К. Айдарбекова.