+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Жылыбұлақ жанарындағы ой»

«Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Созақ ауданының құрметті азаматы, «Алтын қауырсын» сыйлығының иегері, сатирик, жазушы, журналист Сабырбек Олжабайдың «Жылыбұлақ жанарындағы ой» атты шығармашылық кеші өтті. Жазушы Е.Тұрысов, жазушы Е.Тоқтасынұлы, жазушы С.Жәнәбіл, жазушы С.Исақ, журналист Ә.Белгібай 60 жасқа толған жазушының мерейтойымен құттықтап, шығармашылығы жөнінде жылы лебіздерін білдірді. Ақын Қ.Төретай қаламгерге арнаған жырын оқыды.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенттері сатира мен прозасынан үзінді оқыды. Кешке Шымкент қаласының №33 К.Қасымұлы атындағы орта мектеп, №36 Қазыбек би атындағы жалпы орта мектеп оқушылары қатысты.

Жазушы Сабырбек Олжабай әдебиет әлеміне деген қызығушылығын балалық шақ естеліктерімен үйлестіре әңгімеледі.