+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

КІТАПХАНА ІСІНІҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ!

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты Жайылғанова Анар Нұралықызымен кездесу өтті. Кездесу кешінде кітапхана директоры К.Айдарбекова кітапхана саласының негізгі мәселелеріне тоқталып, депутатқа ашық сауалдар қойды. Анар Нұралықызы кітапханашылардың көкейкесті сауалдарын тыңдап, алдағы уақыттарда бұл мәселелердің шешімін табатындығын айтты.
Мәжіліс депутаты «Отырар» кітапханасына экскурсия жасап, К.Айдарбекованың бастамасымен ұйымдастырылып өткізіліп жатқан мәдени іс-шаралар легімен танысып, оң бағасын берді.
Кездесуді жазушы, драматург Еркінбек Тұрысов Анар Нұралықызына алдағы жұмыстарына табыс тілеп, кітапханаға ат басын тіреп, елдің даму жолындағы жанашырлығы үшін алғысын білдіріп, батаменен аяқтады.