+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«МАҚТАН ТҰТАР ҰЛЫ ТҰЛҒА»

(Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылған күніне орай)
Бүгін «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Мәжіліс залында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылған күніне орай «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты іс-шара өтті.
Ұлы қайраткер, кемеңгер ғалым Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Алаш тарихынан алатын орны ерекше.
Іс-шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, журналисттер, кітапханашылар, әскери ұлан сарбаздары мен жастар қатысты.
Кездесу еркін пікір алмасу, ой бөлісу түрінде өткізілді. Кешті журналист Қабылбек Төретай жүргізіп отырды.
Сөз алған зиялы қауым өкілдері елінің ерен тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлының адамгершілік қасиеттерін, Республикалық партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, ой-өресі биік жан екенін көрсете білгендігін сөз етті.
Өз заманының перзенті болған Қонаевтың есімі мәңгілік халықтың жүрегінде. Бүгінгі жас ұрпақ қиын қыстау кезеңде еліне адал болған ұлы ұстазды мәңгі есте сақтайды.
Кітапханашылар заңғар тұлғаның өмірі мен қызметі, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени дамуындағы ерен еңбектері, сондай-ақ бүгінгі күндегі Қонаевқа есімі берілген жерлер мен Алматы қаласындағы Қонаев мұражайы туралы ақпараттық шолу жасады.
Оқушылар Дінмұхамед Қонаевқа арнауларын оқып, күй тартып жиылған оқырман қауым назарын аударды.