+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЖАНЫМДА ЖҮРЕР ЖАҢҒЫРЫП...

2018 жылғы 16 қаңтар күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Мәжіліс залында Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында Отырар ауданының тумасы Асылбеков Жақсыбек Бейсенбекұлын еске алу кеші өтті.
Іс-шараға өзінің кәсіби биік өресімен, талантымен, елім деген, жерім деген перзенттік жүрегімен, қоғамдық белсенділігімен елімізді еңселеткен тұлғаның отбасы, перзенттері, қызметтес достары, ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері мен жалпы оқырман қауым қатысты.