+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ТАЛҒАМЫ БИІК САХНА СУРЕТКЕРІ»

Бүгін "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының бас суретшісі, ҚР мәдениет қайраткері, суретші Қалтөре Жұмақұловтың туылғанына 60 жыл толуына орай «Талғамы биік сахна суреткері» атты кездесу кеші өтті.
Кеш қонақтары жазушы Е.Тұрысов, ҚР мәдениет қайракері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, еңбек ардагері Камалова Несіпханым Камалқызы және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер М.Ілиасқар, ҚР еңбек сіңірген әртісі, актер С.Өтемісов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қ.Рахымбердиева және ҚР мәдениет қайраткері А.Жұмабекова қатысып, Қалтөре Жұмақұловтың бойындағы қасиеттері мен туындылары туралы сөз етті.
Сондай-ақ, №65 мектеп-гимназиясы мен №80 мектеп-лицейінің оқушылары және №72 жалпы орта мектебінің оқушылары, сонымен қатар кітапхана қызметкерлері қатысты. Кешті Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сая Қасымбек жүргізді.
Кеш барысында суретшінің замандас достары сөз алып, Қ.Жұмақұловтың театрға сіңірген еңбектері, қарапайымдылығы, адамгершілігі, ұқыптылығы, досқа деген адалдығы сынды жеке қасиеттерін әңгімелеп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді, ары қарай Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері Т.Әлменов және Р.Ахинбеков кеш иесіне арнап жырдан тарту жасады. Кешке қатысқан оқырмандар кеш иесіне көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын да алды.
Талғамы биік сахна суреткері Қалтөре Жұмақұлов осындай әсерлі кешті ұйымдастырған кітапхана директоры Күлия Смайылханқызына алғысын білдірді.