"Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері"
17 қаңтар күні "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 9 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатында "Елбасы Жолдауы – жаңа мақсаттарға жетелейтін ең басты құжат" тақырыбында кітапхана қызметкерлері арасында талқылау өтті. Талқылау шарасын кітапхананың ғылыми хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зылиха Жантасова жүргізді.