+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ОБЛЫС КІТАПХАНАШЫЛАРЫНЫҢ СЕМИНАР-КЕҢЕСІ

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың Мәжіліс залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында кітапханада атқарылатын жұмыстың бағыттары мен міндеттері» тақырыбында облыс кітапханашыларының семинар-кеңесі өтті. Кітапханашылардың семинар-кеңесі Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының м.а. А.Темірханның кіріспе сөзімен ашылды. «Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ОҚО бойынша жобалық кеңесінің жетекшісі Б.Әшірбеков "Рухани жаңғыру" аясында Оңтүстікте атқарылған жұмыстарға тоқталса, ақын Құрал Көмек "Руханияттың бір бағыты - әдебиет" тақырыбында баяндамасын жасады. ОҚМПУ доценті, т.ғ.к.Қ.Анарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының қоғам мен мемлекет дамуындағы рөлі жайында сөз етсе, Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың ғылыми қызметкері К.Еділбай "Сакральды Қазақстан" жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасады. Сарыағаш аудандық кітапхана директоры С.Ильясова мен Арыс аудандық кітапхана директоры Б.Құрманбекова кітапханалардағы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар легімен таныстырып өтті.
"Отырар" облыстық кітапханасының директор орынбасары Г.Алпысбаева модератор міндетін атқарды. Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Л.Қалтаева "Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар" бағдарламасын кітапханаларда насихаттау мәселесі бойынша, ал Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі Г.Асилбекова "Латын әліпбиі, 100 оқулық, Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" тақырыбы аясында баяндама жасады. Семинар-кеңесте бас қосқан кітапханашылар кітапхана ісіндегі кейбір сауалдарға жауап алып, өзара тәжірибе алмасты.