«ҚОЛӨНЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ»
Бүгінде халқымыздың қолөнері – ұлттық шығармаларымыздың бірі. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолында Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Қолөнер – ұлттық құндылық» атты шеберлік сыныбы өтті.
Халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету мақсатында Ә.Қастеев атындағы көркемсурет колледжінің арнайы пән оқытушысы Л.Дуисебекова жастарға арнап шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шараға Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысып, өздерінің қызығушылықтарын білдірді.