+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА – ӘСЕМ АСТАНА

2018 жылғы 25 қаңтарда «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай «Еңселі Елорда – әсем Астана» тақырыбында іс-шара өтті. Сондай-ақ, кітапхананың Интернет залының ашылу салтанаты тамашаланды.
Іс-шарада жазушы, драматург Е.Тұрысов, жазушы Н.Бегалы сөз алып, Елорданың тарихы мен Елбасының сындарлы саясаты жайында ой-пікірлерін білдірді.
Интернет залдың демеушісі болып табылған «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы Қ.Байтөре, «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Д.Арынғазин, баспасөз хатшысы Н. Шойғараева, ұйымның инвесторлары Ш.Ташоглу, М.Йылмаз қатысып, кітапхана ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.
Салтанатты кеште №130 жалпы орта мектеп оқушылары асқақ Астанаға деген әдеби композияцияларын тарту етіп, әрі қарай жастардың орындауындағы әсем әуендермен жалғасты.