«ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ»
2018 жылғы 26 қаңтарда «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Баспасөз залында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында іс-шара өткізілді. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Іс-шараға кітапхана қызметкерлері және қаладағы оқушылар сарайының қызметкері мен қатар №47 мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысып, өздерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдырудың себептері туралы ойлары мен пікірлерін білдірді.