+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"СЫРЫМДЫ САҒАН АЙТАМ, ҚОЖА"

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, жазушы Иманәлі Бегалы Әбдуәліұлының «Сырымды саған айтам, Қожа» атты кітабының тұсаукесері өтті. Шығармашылық кездесу барысында №80 мектеп және №72 мектеп оқушылары жазушының өмірі мен шығармаларынан сыр шертіп, жазушының «Ұстазсыз жиын» шығармасынан көрініс қойды. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Е.Бекназаров, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Рысбай, тыл және еңбек ардагерлері, ұстаздар мен оқушылар қатысып, Иманәлі Бегалы Әбдуәліұлына шығармашылық табыстар тіледі.