«Қуатты Қазақстан – баянды болашақ»
2018 жылғы 2 ақпан күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Шет тілі әдебиеттері бөлімінде «Қуатты Қазақстан – баянды болашақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты - қазақстандық патриот азаматтарды қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған жерін қастерлеуге үндеу. Көрме №47 және №87 мектеп оқушыларына насихатталды.