+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«АҚ САМАУРЫН АҚТАРҒАН СЫР»

Бүгін «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Баспасөз залында журналист, республикалық «Жас Алаш» газетінің бас редакторы орынбасары Оралхан Дәуіт Әбдірашұлымен «Ақ самаурын ақтарған сыр» атты шығармашылық кездесу кеші өтті.
Кеште Оралхан Дәуіт Әбдірашұлының шығармашылығы мен өмір жолынан естеліктер айтылып, журналисттің бойындағы жеке қасиеттері сөз етілді.
Шығармашылық кешке қаламгердің үзеңгілес достары, әріптестері, журналисттер, өнер адамдары, колледж студенттері мен оқушылар және кітапханашылар қатысты.