+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Тәуелсіздік дәуірі»

Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы жайында «Өрлеу» білікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу” кафедрасының оқытушылары «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы қызметкерлерімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.
Кітапхананың ғалым-хатшысы З.Жантасова кітап жайында шолу жасады. Кітапхана директорының орынбасары Г.Алпысбаева, директор орынбасары А.Арыстанова кітаптың қоғамдағы орны жайында өз пікірлерімен бөлісті. Кітапханашы Г.Шерімқызы баспасөз бетінде жарияланған пікірлерге арнайы тоқталса, кітапханашы С.Байдуллақызы тарих жайындағы жылнамаларға тоқталды.
«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу” кафедрасының меңгерушісі П.Абашева кітаптан көптеген тарихи деректер мен дәйектерді алуға болатынын жеткізсе, оқытушы Ж.Қансейітова дәуір тағылымын танытатын кітапта көптеген құндылықтар қамтылғанын айтып өтті.
Дөңгелек ұстелге қатысқан қатысушылар өз көзқарастарын айқындап, өз пікірлерімен бөлісті. Бұл талқылау келешекте де жалғасын табады деген сеніммен аяқталды.