+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Түркі әлемі: әдеби – мәдени дәстүр»

Түркі әлемінің мәдени астанасы Түркістан қаласында 2017 жылдың 12 мамыр күні «Түркі әлемі: әдеби – мәдени дәстүр» тақырыбында бас қосқан ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына мүше елдер ақын – жазушылары Кален Сыдықова, Кәмил Каримов, Ринат Камал, Захид Халил және т.б. 2017 жылдың 13 мамыр күні «Отырар» облыстық ғылыми – әмбебап кітапханасында қонақта болып кітапхана өмірімен танысты.ҚР Тәуелсіздігінің – 25 жылында ашылған Елбасы залы, 90 жастағы жазушымыз Еркінбек Тұрысовтың жеке жұмыс кабинетіне, кітапхананың өскелең ұрпаққа арналған «Ақерке» балалар залына, сондай – ақ, кітапханада ашылған ОҚО ақын – жазушылар бұрыштарына өз қызығушылықтарын танытып, кітапхана басшылығына алғыстарын білдірумен қатар, ұжымға толағай табыс тілей отырып кітапхана қорына өз кітаптарын сыйға тартты.