2018 жылғы 13 ақпан күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Ақерке» балалар залында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас оқырмандар арасында оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу мақсатында «Мен таңдаған мамандық» атты кеш өтті.
Танымдық кешке кітапханашылар, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Жас оқырмандар болашақта қандай мамандық иелері болғысы келетіндерін айтып, ортада би билеп, ән салып, өлең жолдарын тарту етті.
Жас буынның мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйренуі – болашақта білікті маман болып қалыптасуларына септегін тигізері анық.