+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары"

2018 жылдың 15 ақпан күні "Көрме" орталығында "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары" атты "Open Space" үлгісінде ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинарға "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директор орынбасары Г.Алпысбаева, Құжаттарды өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторы басшысы Г.Медеуова, Кітапхана процесстерін автоматтандыру бөлімінің басшысы А.Оралова қатысып, "Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" атты көшпелі көрме жобасы аясында өткен "Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары" кәсіби сессиясына қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Қатысушылар архив, кітапхана, музей салалары бойынша 3 секцияға бөлініп, ашық кеңістікте семинарда өз ойлары мен пікірлерін айтты. Жаңа үлгіде өткен семинарда қатысушылардың өзара пікір алмасуына оңтайлы сәт туды.