+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ӨНЕРДЕ ӨРНЕГІМЕН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН»

2018 жылғы 19 ақпан күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Өнер» бөлімінде КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, өнертанушы, қолөнер шебері Ғани Иляевты «Өнерде өрнегімен із қалдырған» тақырыбында еске алу кеші өтті.
Кешке Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Қ.Нұрбек, Р.Естемісов, Е.Айтбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А.Оспанов, өнер майталманының немересі Н.Иляев, Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары, Ә.Қастеев атындағы көркемсурет колледжінің студенттері және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Кеш барысында суретшінің көзін көрген замандастары өнер майталманы туралы естеліктер мен ой-толғауларын баяндады.
Еске алу кешіне қатысушылар қазақтың өнер әлемінде дара жол салған тұлғасы Ғ.Иляевтың өмірі мен шығармашылығынан мағлұматтар алды. Өнерлі азаматтың өнерінің арқасында рухы мәңгі жасайды деп білеміз. Кітапханашылар өнертанушының шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жасады.