+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«БІЛІМДІ ЖАС - БОЛАШАҚ КЕПІЛІ»

2018 жылдың 20 ақпан күні Шымкент аграрлық колледжінде «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білімді жас - болашақ кепілі» атты мамандар күні өтті.
Мамандар күніне қатысқан Шымкент аграрлық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Р.Айтқұл кіріспе сөз алып, іс-шараны ашық деп жариялады. Сонымен қатар, Аграрлық және орман шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі Қ.Камалов, Ветеринариялық жалпы кәсіптік пәндер кафедрасының меңгерушісі М.Абуталипов, кітапханашылар А.Құрбанбаева, З.Аристанова, сондай-ақ студент жастар қатыстып, жас ұрпақтың білімге деген құштарлығы мен патриоттық сезімді ояту, білікті маман болып қалыптасудың бағыттары туралы айтылды.
Колледж студенттерінің өз мамандықтарына байланысты кітап көрмесі жасалды.