+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Тіл – татулық тірегі"

«Тілін білмеген түбін білмейді» демекші, әрбір адамның өзінің ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Яғни, тіл дегеніміз – әрбір адамның жаны, тәні, бар болмыс-бітімі. Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. Біздің асыл қазынамыз, сөз жеткісіз жауһар құндылығымыз – ол тіліміз.
Осы орайда, 21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күніне орай кітапхананың "Шет тілі әдебиеттер" секторында "Тіл – татулық тірегі" атты тақырыптық кеш өтті.