+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ЖАМАН ЖОЛДАС»

«Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің «ЖАМАН ЖОЛДАС» әңгімесі бойынша танымдық сағат өтті.
Ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен рухани мұрасы жас ұрпаққа аманат. «Жаман жолдас» әңгімесі достықтың қадірін түсінуге, адалдыққа, шыншылдыққа, достықты бағалауға үндейді.
Танымдық сағат барысында балалар залының кітапханашылары «Жаман жолдас» әңгімесіне талдау жасап, Ы.Алтынсариннің басқа да шығармашылығындағы әңгімелердің тәрбиелік мәнін ұғындыруға тырысты.
Қатысушы жас оқырмандар Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығынан өлеңдер оқыды.