+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ҰЛТТЫҚ КОД - ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗІ"

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Ұлттық код – ұлттық болмыстың негізі" тақырыбында патриоттық кеш өтті. Ұлттық болмысты насихаттау кешіне Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы мен №130 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты.
Елбасы "Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды" деп атап өткендей, ұлттың руханияты - ел дамуының болашағы. Кеш барысында Абайдың қара сөздері, "Ескендір" поэмасы, М.Мақатаевтың өлеңдерінен үзінділер айтылды. Патриоттық танымдық кеш соңына қарай "Нұрай" бишілер тобы өнерлерін ортаға салды.