+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ТЕРЕҢ ОЙ ИЕСІ"

2018 жылдың 27 ақпан күні қазақтың философ-ағартушысы, қоғам қайраткері Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай "Терең ой иесі – Шәкәрім" атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке Түркістан қаласының Ж.Жабаев атындағы мектеп мұғалімдері мен оқушылары, Шымкент университетінің студенттері мен оқытушылары, "Жас қаламгер" ақындар клубының мүшелері, Шымкент аграрлық колледжінің студенттері қатысты. Іс-шараға қатысушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен рухани мұрасын насихаттады. Жас ұрпақтың ішкі тазалығы мен рухани байлығын дамыту мақсатында Ш.Құдайбердіұлының нақыл сөздері мен өлең жолдарынан жыр-шумақтар оқылды.