+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні!!

Әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні атап өтіледі. Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар (АҚ пен ТЖ) қызметтерін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады. Осыған орай, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан маман келіп, кітапхана қызметкерлеріне тақырып аясында дәріс оқыды.