2018 жылдың 1-наурыз күні "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында елімізге танымал қоғам қайраткері, заңгер Бекет Тұрғараевпен "Ұлттың рухани жанашыры" тақырыбында шығармашылық кездесу кеші өтті. Кітапхана төрінен орын алған" Тұрғараев әлемі бұрышының" ашылу салтанатынан соң, шығармашылық кеш кітапхананың Мәжіліс залында еркін форматтағы іс-шарамен жалғасын тапты. Ірі қоғам қайраткерімен кездесу кеші мәдениеттанушы, журналист, кітапхана директоры К.Айдарбекованың алғы сөзімен ашылды. Іс-шарада ақын Т.Көпбаев модератор міндетін атқарды. Қатысушылар тарапынан кеш иесінің өмір жолы мен қоғамдық қызметі жайында жан-жақты сауалдар қойылды. Кеш соңында халықтың мәдени мұрасын зерттеуші, бірқатар кітаптар мен ғылыми жұмыстардың авторы Бекет Тұрғараұлы "Отырар" кітапханасы басшысы К.Айдарбекова мен кітапхана қызметкерлеріне алғысын айтып, ұжымға толағай табыстар тіледі.