+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БЕГМАН АҒА»

2018 жылғы 2 наурыз күні "Отырар" облыстық кітапханасында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында белгілі жазушы, профессор, «Қазақ елі», «Менің ардақты ағаларым», «Ашаршылық не жегізбейді» атты кітаптар мен бірнеше әдістемелік еңбектердің авторы Бегман Ысқақ Саттарұлымен «Болмысы бөлек Бегман аға» атты әдеби шығармашылық кездесу кеші өтті. Әдеби кеш барысында автордың «Қызым саған айтамын...» атты кітабының тұсаукесері орын алды. Іс-шараға ақын-жазушылар, жоғары оқу орнының оқытушылары, білікті педагогтың шәкірттері мен студент жастар қатысты. Шығармашылық кеш барысында жиылған қауым назарына Б.Ысқақтың «Қызым саған айтамын» кітабынан қазақ қыздарына тәрбиелік маңызы зор әдеби композиция ұсынылды.