+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ӨЛЕҢ ӨНЕРІНІҢ ӨЗ ӨРЕНІ"

2018 жылдың 2 наурыз күні "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында жас ақын, республикалық, облыстық жыр додаларының жеңімпазы Дәурен Айманбетовпен "ӨЛЕҢ ӨНЕРІНІҢ ӨЗ ӨРЕНІ" тақырыбында шығармашылық кездесу кеші өтті.
Шығармашылық кешті ақын, баспагер, «Алаш» Халықаралық сыйлығының иегері, «Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаев жүргізіп отырды. Қаламгерлер қатарынан Ә.Қалмырзаұлы, Құрал Көмек, Байдабек Анарбек, Бақытжан Алдияр жас ақынға арнаған игі тілектері мен жылы лебіздерін ала келді. Іс-шарада Д.Айманбетовтың "Аяулы адам" атты кітабының тұсаукесер рәсімі тамашаланды.