+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Сырдария округіндегі тәркілеу науқанына қатысты құжаттар жинағы" және «Түркістан өлкесіндегі оқу-ағарту ісі»

2018 жылғы 5 наурыз күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік архиві "Сырдария округіндегі тәркілеу науқанына қатысты құжаттар жинағы" және «Түркістан өлкесіндегі оқу-ағарту ісі» атты құжаттар мен материалдар жинақтарының тұсаукесері өтті.
Аталмыш іс-шараға ақын-жазушы, архив саласының ардагері Қ.Төретай, жазушы, шежіреші М.Әбдәкімұлы, Қ.Яссауи атындағы ХҚТУ т.ғ.д., профессор Х.Тұрсұн, Оңтүстік облыстық мемлекеттік архивінің басшысы А.Исатаева қатысты.
Сондай-ақ, жоғарғы оқу орындарының профессорлары, ғалымдары мен оқытушылары, тарихшы мамандар, архив қызметкерлері, қоғам, мәдениет және БАҚ өкілдері қатысты.