+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Жігіт сұлтаны"

2018 жылдың 6 наурыз күні "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында жас оқырмандарға ұлттық дәстүрді дәріптеу, кітап оқуға деген зейінін арттыру, ұлттық құндылықтарымызды бағалау, ұлдарымызға инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, қазақи тәрбиені үйрету мақсатында "Ақерке" балалар залының ұйымдастыруымен "Жігіт сұлтаны" байқауы өтті. Байқау барысында қатысушылар келе жатқан "Аналар мерекесіне орай өлең шумақтары мен жырларын арнап, аналарына арнайы қолдан жасаған бұйымдарын сыйға тартып, қуантты. Байқауға ОҚО қаржы басқармасының баспасөз хатшысы, "Қаржы" экономикалық газетінің бас редакторы С.Нұрмағамбетұлы мен Еңбек ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі С.Байдәулетов және "ЫРЫС" микроқаржы ұйымынан Ж.Булатова, Н.Шойғараева қатысып, төрелік етті. Іс-шара соңында өнерлі жас оқырмандар марапатталып, үлкендердің алғысына ие болды.