«ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ТУҒАН ӨЛКЕМ - ҚАЗАҚСТАН»
2018 жылдың 14 наурыз күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы ұйымдастыруымен «Ынтымағы жарасқан туған өлкем - Қазақстан» тақырыбында Ә.Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназиясында ақпараттық күн өткізілді.
Іс-шара барысында кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстырылды. Мектеп кітапханашылары Е.Жарқынбекова, Б.Жылқыбаева тақырып аясында өздерінің ұлттық тәрбие мен патриотизм туралы ой-пікірлерін білдіріп, «Отырар» облыстық кітапханасы қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.