Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін насихаттау, "Наурыз" мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту мақсатында "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Ақерке" балалар залы мен "ON'TU'STIK" телеарнасының ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға "Жыл басы" туралы ертегі айтып, ары қарай балалар Наурызға арналған баталар, жыр-шумақтар оқып, ұлттық ойын "асық" ойнап, бүлдіршін қыздар қолөнер жұмыстарын жасады.