+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ҚАЙТАЛАНБАС ТҰЛҒА»

Бүгін «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында актер, режиссер, қоғам қайраткері Райымбек Сейтметовтың туғанына 80 жыл толуына орай «Қайталанбас тұлға» атты еске алу кеші өтті.
Іс-шараға Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, драматург С.Қасымбек, ҚР еңбек сіңірген әртісі, драма әртісі М. Ілиясқар, Райымбек Сейтметовтің шәкірттері Ғ. Қалыбаев, М.Айтжанов қатысып, өнер майталманы Райымбек Сейтметовтың өмірі мен шығармашылық мұрасы жайында сөз етті.
Сондай-ақ, кеш соңына қарай Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернатының жас өнерпаздары дәстүрлі әндер шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.