+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Сүйінші!!!

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Отырар ауданының рухани байланысында Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтахановтың еңбегі ерек, жөні бөлек.
Міне, бұл жолы да Ерлан Қуанышұлы кітапханамызға арнайы ат басын бұрды. Үкімет Қаулысымен біздің кітапханаға ресми түрде «Отырар» атауы берілсе, алғашқы болып үн қатып, керемет тарту жасаған Ерлан Айтаханов болды. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген рухани мәселелерге үндес құнды дүние Отырар ауданының әкімдігінің қолдауымен жарық көрген ғалым, этнограф Абдулла Жұмашевтың «Отырар алқабындағы қолөнер» кітабының 10 данасы кітапханамыздың алтын қорын құрайтын болды. 
Ілгеріде де Ерлан Қуанышұлы өзінің бастамасымен жарық көрген «Тәуелсіздік толғауы» кітабының 12 данасын сыйлаған. 
Шіркін, әкімдердің барлығы осындай болсашы, - деген ықыласымызды жасыра алмаспыз. Рухани жаңғыруға бет алған азамат, қайраткер, әкім - Ерлан Қуанышұлы әрқашан биіктен көріне беріңіз, деген жүрек-жарды тілегімізді жеткізгіміз келеді. 
P.S.Бір қызығы дәл сол сәтте «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылап жатқан еді. "Жақсы қонақ келсе – құт келеді» деген сөз рас-ау!