+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Зикзал»

2018 жылғы 20 наурыз күні «Отырар» облыстық кітапханасында ҚР Мәжілісінің экс-депутаты, генерал-майор Ержан Исақұлов бабасы Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» кітабын өңірдің зиялы қауым өкілдеріне табыстады.
Бекасыл әулиенің тікелей ұрпағы Е.Исақұлов бабаның өмірі мен рухани мұрасы, сондай-ақ, кітаптың құндылығы жайында баяндады.
Еңбекті қазақ тіліне тәржімалаған аудармашы З.Жұманұлы қазақ халқының тарихы мен руханиятының тарихы тереңде екендігін айта келе, бұл кітаптың жарыққа шығу жолындағы жұмыстарға тоқталды.