+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ҮМІТ ҮЗГІМ КЕЛМЕЙДІ»

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Мерзімді басылымдар залының кітапханашылары оқырмандарға қарымды қаламгер Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» атты хикаят-монологын оқуға шақырады.
Гүлзада Зайдинқызы хикаяттағы кейіпкердің өмір мен өлім арасындағы арпалысын айта келе, қайсарлық, намысшылдық мінездерін бойына сіңірген адам көздеген мақсатына жетеді деп кітаптан түйгенін айтады.
Бөлім қызметкері Қарқара Әбдірәліқызы оқиғаның бас кейіпкері мүгедек жан Ержанның өмірге деген құштарлығына бас иеді. Сондай-ақ, кітаптағы Гауһардың бойындағы шыдамдылық, төзімділік, еріне деген жанашырлығы, адалдық сынды қасиеттері нәзік жандыларға үлгі болуы тиіс дейді.
«Кітапты оқи отырып, оқырман өмірді бағалай алуды, бақытты қалай, немен өлшеу керектігін керемет ұғындырады» - деп пікірін білдіреді бөлім кітапханашысы Ұлбала Ғаппарқызы.
Құрметті, оқырман! Жазушы Н.Келімбетовтің "Үміт үзгім келмейді" атты кітабын оқыңыздар!