"АДАМ. ҚОҒАМ. ЗАҢ"
2018 жылдың 29 наурызында "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының "Оқырмандарға қызмет көрсету" бөлімінің ұйымдастыруымен "Адам. Қоғам. Заң" тақырыбында пікірлесу кеші өтті. Іс-шараға студент жастар, кітапханашылар мен тұрақты оқырман қауым қатысты.
Кеш барысында қатысушылар тарапынан қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық нормалар, еліміздегі заңнамалық құжаттар мен қазіргі қоғамдық қатынастардағы құқықтық-заңнамалық мәселелер туралы пікірлер айтылып, өзара пікір алмасу орын алды.