«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 12 сәуір күні жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талқыланды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы еліміздегі үлкен елеулі оқиға болды. Президенттің бұл мақаласында қазіргі таңда өзекті болып отырған қоғамдық-саяси және мәдени-рухани жобалар түрінде бірқатар нақты шаралар қамтылған. «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкері, жас маман Әсет Еркебұлан мақалаға қатысты баяндама жасады. Кітапхана ұжымы елді жаңғырту, ұлттық сана сезімнің көкжиегін кеңейту және халықты ортақ мақсатқа жұмылдыру туралы өз ойларын ортаға салды.