«Оңтүстіктің киелі жерлері – ғасырлар куәсі»
«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Оңтүстіктің киелі жерлері – ғасырлар куәсі» атты танымдық кеш өтті.
Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Туған жердің киелі өңірлері жайында ақпаратты, зерделі зерттеулерді, аңыздар мен әпсаналар жайында ой өрбіту мақсатында ұйымдастырылған танымдық кешке ғалымдар мен жазушы, ақын, журналистер қатысты.
Ф.ғ.д., профессор Н.Мыңбаев жер аттарының өзгертіліуінің тарихи маңызы болғандығына ерекше мән беру керектігіне тоқталды. Ақын Ә.Қалмырза Оңтүстік өңіріндегі киелі мекендер жайындағы кітаптарындағы мағлұматтарды жазудағы ізденістері жайлы арнайы талдау жасады.
Жазушы, шежіреші М.Әбдіәкімұлы кей деректердің бұрмаланып қолданып жүргенініне қынжылыс танытты.
Киелі жерлерді зерттеуде тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану орталығының ғылыми қызметкері Еділбай Көшербай орталықтың атқарып жатқан істеріне шолу жасады. Ел ішіндегі аңыздарды жинап, құрастырып жүрген журналист Қ.Ергөбек ел аңыздары туралы айтса, журналист М.Қарғабай Созақ өңіріндегі киелі мекендердің тарихын қозғады. Киелі жерлер туралы жаңадан шыққан кітаптар оқырмандарға таныстырылды. Кешті жүргізген ф.ғ.к., доцент З.Жантасова киелі жерлер туралы байыпты зерттеулер қажет, әрі оны дұрыс саралай білейік деп қорытындылады.