+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ҚАРА СӨЗДІҢ ҚАЙТАЛАНБАС ШЕБЕРІ"

2017 жылдың 26 желтоқсан күні «Отырар» облыстық кітапханасында жазушы Төлен Әбдіктің 75 жылдығына арналған «Қара сөздің қайталанбас шебері» атты әдеби кеш өтті.
Әдеби кеш директор орынбасары Г.Алпысбаеваның алғы сөзімен бастау алды.
Абонемент бөлімінің кітапханашысы Н.Алтынбекова оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып, кітапханаға саяхат жүргізді. Ғылыми хатшы З.Жантасова Т.Әбдіктің шығармаларына жалпы талдау жасап, әңгімелерінің ерекшелігін айтып, өз идеяларымен бөлісті.
«Кедергісіз кітап» жобасы аясында шақырылған кеш қонақтары - мүмкіндігі шектеулі азаматтар Е.Ускенов, Н.Құдайбергенов Төлен Әбдіктің шығармаларының қазақ прозасындағы орны туралы баяндады. Шет тілі әдебиеттері секторының кітапханашысы Ж.Абдамит, Оқу залы бөлімінің кітапханашысы С.Кеншинбекова, Баспасөз залының кітапханашысы Қ.Рахимбаева автордың әңгімелерінен үзінділер оқыды. Кітапханашы И.Ерушеева жазушының өмірі мен шығармашылығының ерекшелігіне тоқталды.
Төлен Әбдіктің шығармаларының құны, тәрбиелік мәні зор екендігі оқырман қауымға белгілі.