+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ҮМБЕТІНЕ ҮЛГІ БОЛҒАН» МҰХАММЕД (с.а.у.)

2017 жылдың 25 желтоқсан күні қасиетті Мәуліт айы мерекесіне орай «Үмбетіне үлгі болған» Мұхаммед (с.а.с.) атты танымдық іс-шара өтті. 
Кітапхананың ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Жәмилә Қожанқызы, Ұйымдастырушылық бөлімнің басшысы Дана Абдамит күллі мұсылман әлемінің асыға күтетін қасиетті мерекесі Мәуліт мерекесінің маңыздылығына арнайы тоқталды. 
Облыс имамының орынбасары Әміре Бекайдар Мәулім - ислам дінінде өзіндік орны бар ерекше мерекелердің бірі екендігін айта келе, әйел адамдардың қоғамдағы орны мен қыз балалардың әдебі жөнінде сөз қозғады. Дін мәселесін зерттеу орталығының маманы Медет Мұзаппарұлы жастар арасында Пайғамбар туралы, оның алдындағы міндеттеріміз, сүннетін сақтау, дініміздің тағылымдары жайлы үгіт-насихат жүргізу керектігін баяндады. ОҚМПИ-ның Музыкалық білім кафедрасының оқытушысы Ырысалды Қанатұлы Мұхаммед (с.а.с.)-ға салауат айтып, діни өлеңдер оқыды. «Серпіліс» қоғамдық қорының директоры, журналист Бейсенкүл Нарымбетова теріс діни ағымдардан сақтандыру жолдары мәселесіне жан-жақты тоқталып өтті. ОҚМУ-нің 4 курс студенті Исабеков Әзімхан Абайдың қара сөздеріндегі Мұхаммед пайғамбардың хадистерімен сабақтастығына талдау жасады. 
Ислам жолы – иманды жол. Мұны жастардың танып білгені, насихаттағаны өте құптарлық іс екені белгілі.