«Алаш» қозғалысына 100 жыл
«Дос Демеу» қоғамдық бірлестігі 2017 жылғы 23 желтоқсан сағат 11.00-де «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Алаш» қозғалысына 100 жыл толуына орай Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин шығармаларын оқып-білу, «Алаш» қозғалысының 100 жылдығын ел өміріндегі маңызды тарихи оқиға ретінде атап өтуге атсалысуы, «Рухани жаңғыру» кезінде «Алаш» мүшелерінің шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарасын насихаттау мақсатында «Азаттықты аңсаған – арыстарым ардақты!» облыстық байқау өткізді.
Облыстық байқауға барлық ауданнан 16 (он алты) үміткер қатысып, көп ұзамай жүлделі орын иегерлері де анықталды.
Жүлделі орынды иеленген қатысушылар:
Бас жүлде – Тастанов Тимур, Төлеби ауданы;
I орын – Исабек Әзімхан, Шымкент қаласы;
II орын – Әбдіраш Гүлназ, Арыс қаласы;
III орын – Сұлтанмұратова, Гүлнұр Сарыағаш ауданы, Жұбанышова Жәудір (Созақ ауданы) мен Қадірбаева Алтынай (Кентау қаласы) ынталандыру сыйлығына ие болды.
«Дос Демеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанысбек Өтеген жүлделі орын иелерін қаржылай марапаттады. Қатысушы үміткерлер жетекшілерімен бірге Алғыс хатпен марапатталды.