+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«HAPPY NEW YEAR»

2017 жылдың 21 желтоқсан күні «Отырар» облыстық кітапханасының Шет тілі әдебиеттері секторында Жаңа жыл мерекесіне орай үш тілде «Happy New Year» атты мерекелік сағат өтті. 
Іс-шараға кітапхананың ағылшын тілі курсына қатысушы оқырмандар қатысты. Балалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, би билеп, түрлі танымдық ойындар ойнады.
Мерекелік кешке қатысқан директор орынбасары А.Алпысбаева, ұйымдастырушылық бөлімнің басшысы Д.Абдамит сөз алып, жаңа жылдық ізгі тілектерін білдірді. 
Сондай-ақ іс-шараға қатысушы оқырмандардың ата-аналары балаларға ағылшын тілін үйретудегі еңбектері үшін шет тілі әдебиеттері секторының кітапханашыларына алғыстарын жаудырды.