+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ!

Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру мен Елін, Отанын сүюге, Егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш-қуаты мол жастарды тәрбиелеу, Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне тағзым ету мақсатында "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының "Ақерке" балалар залында еске алу кеші өтті. Кешке тарихшы, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Алаш” сыйлығының иегері Еркінбек Тұрысов пен Қазығұрт ауданының құрметті азаматы Нұрмаханбет қажы Әжіметұлы қатысып, балаларға Желтоқсанның ызғары мен Тәуелсіздіктің қалай, қандай қиын жолмен келгенін айтып берді.