+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ!

Тәуелсіздік құрбандарын еске алу және осы Тәуелсіздікті сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мұра ету мақсатында "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының баспасөз залы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тауелсіздік күніне орай ОҚО №8 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында "Тәуелсіздік –елімнің ерлік жолы" тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Кешке Оңтүстік Қазақстан Жоғары Педагогикалық колледж студенттері катысып, "Отан", "Тәуелсіздік", "Ана", "Туған жер", "Мен қазақпын" әндері мен рухты өлеңдерді орындап, ары қарай "Желтоқсан оқиғасы" жайында қойылым қойды.