+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

КІТАПХАНА ҰЖЫМЫ – «НҰР ОТАН» ХДП-на ҚАБЫЛДАНДЫ!

2017 жылдың 12 желтоқсан күні "Отырар» облыстық кітапханасының қызметкерлері «Нұр Отан» ХДП мүшелігіне қабылданып, партия қатарына қабылданып, кітапханашыларға билеттер арнайы табыс етілді. 
Еліміздегі жетекші партияға қабылданғандарға «Нұр Отан» партиясының мақсаты мен міндеттері таныстырылды. 
«Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық Еңбекші аудандық филиалының бірінші орныбасары Берік Садықов, Шымкент қ. Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Е.Бекназаров, «Нұр Отан» ХДП қалалық Еңбекші аудандық филиалының Халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы А.Бейімбетов қатысып, кітапхана ұжымын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, кітапхана қызметкерлеріне толағай табыстар тіледі. 
Іс-шара барысында бала оқырмандар Тәуелсіздік күніне арналған жалынды жырларын тарту етіп, жас домбырашылар өнерлерін ортаға салды.