2017 жылғы 12 желтоқсан күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Дәуір ақыны - Сұлтанмахмұт» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге фантаст-жазушы С.Исақ, ОҚМПУ-нің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Т.Омар, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқытушысы А.Әбділдаева және Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында кеш қонақтары С.Торайғыровтың қысқа ғана ғұмырында өшпес мұра қалдырып үлгерген тұлға екендігіне кеңінен тоқталып, өмір шындығын көркем бейнелейтін, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтіп, сырға толы лирикалық жырлар туындатқан, ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттейтін ақын екендігі сөз етілді. Мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа айтып, өмірі мен шығармашылығына арналған баяндама оқыды.
Кеш соңында ең үздік деп танылған оқушылар мен мұғалімдерге кітапхана атынан алғыс хаттар табысталды.