+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АҚ ТАҢЫ»

Қазақ мәдениетіндегі ән өнерінің алар орны ерекше. Көп жағдайда ән мен әнші танылып, авторлары халыққа насихатталу жағы ескерілмей қалатын жағдайлардың бары рас. Осы тұста қазақ халқының рухын көтеретін, патриоттық сезімді ұялатар әндердің авторларын насихаттау, танып-біле жүру – оқырман қауымның міндеті. 
Бүгін "Отырар» облыстық кітапханасында экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, ақын Саттар Қуашбай және тележурналист, композитор, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Айжігіт Асановтың шығармашылықтарына арналған «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты кездесу кеші өтті. Шығармашылық кештің қонақтары "Тәуелсіздіктің ақ таңы", "Мәңгілік елім үшін", "Қазақ келіндері" және тағы басқа да өлеңдерімен белгілі. 
Кездесу кешті «Құрмет» орденінің иегері, кітапхана директоры Күлия Айдарбекова жүргізіп, «тәуелсіздік» ұғымының мәні мен маңыздылығын айта келе, бүгінгі кездесу кешінің қонақтарымен таныстыра кетті.
Жазушы Еркінбек Тұрысов қазақ халқының тәуелсіз ел болу жолындағы бастан өткізген тарихи кезеңдерінен естеліктер айтты.
Белгілі редактор, журналист Қайырғали Медет зарығып жеткен тәуелсіздік естеліктерін айтып өтсе, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, облыстық сәулетшілер одағының мүшесі Асқар Мамырбаев тәуелсіздіктің қадір-қасиетін бағалап, жан-жақты насихаттауға оқырман қауымды шақырды. 
Шығармашылық кештің қадірлі қонағы Саттар Қауышбай ақындық өнердің ана сүтінен дарығандығын, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қадірлеу әрбір азаматтың парызы екенін айтты. 
Композитор, тележурналист Айжігіт Асанов өз шығармашылығындағы саздардың шығу тарихы мен естеліктерімен бөлісіп, оқырман қауымды қызықтыра түсті. Сондай-ақ, өз авторлығындағы бірнеше композицияларды оқырмандарға тарту етті. 
Кездесу кешінде кеш қонақтарының туындылары шырқалып, әрбір әннің сөзі мен сазының шығу тарихы сөз етілді. 
Өнер мен мәдениетке болмыстары жақын бүгінгі кеш кейіпкерлері кітапхана директоры мен ұжымына өз жылы лебіздерін білдірді.